30.07.2019, 17:10

18 жастағы қызын 50 жастағы өз көңілдесіне ұзатқан ана жаға ұстатты

Сондай-ақ, ол күйеуінің көмегінсіз-ақ балаларын үйлендіріп, қыздарын құтты жеріне қондырғанын да жеткізді. Әйел бүгінде немерелі болып үлгерген.

Жасы 50-ге жақындаған күйеуінің 18 жастағы қызға үйленгенін айтқан әйел жан сырымен бөлісті. Бүгінде немере сүйіп отырған ол алдымен қыздың анасымен көңілдес болып, кейін жас бойжеткенмен шаңырақ көтерген деп жазады «Замана» басылымы.

Әйелдің айтуынша, ол алғашында күйеуінің көшеге көңілі ауғанына мән бермеген. Кейін жұбайын көңілдесімен төсекте ұстап алса да, бәріне кешіріммен қараған.

«Көңілдесі барын сезетінмін. Тіпті, талай рет үстерінен түсіп, ұрыс шығарып, күйеуімді жетектеп әкететінмін. Бірақ балаларым үшін кешіріп, бәріне көзімді жұмып келген едім. «Аңдыған жау алмай қоймас» деген рас екен. Әжептеуір бизнесі бар күйеуімді уысынан шығарғысы келмеген әлгі әйел ақыры қызына қосып тынды ғой», - дейді әйел.

Сондай-ақ, ол күйеуінің көмегінсіз-ақ балаларын үйлендіріп, қыздарын құтты жеріне қондырғанын да жеткізді. Әйел бүгінде немерелі болып үлгерген.

Ал жас қызға үйленген азаматтың екінші әйелінен туған балалары немерелерімен қатар екен.