Павлодар облысында полицей қызметкері суға ағып бара жатқан үш қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шілде айында инспектор Ғалымбек Жұмабаев үш әпкелі-сіңлілі қыздарды Ертіс өзенінің ортасына қарай қатты ағыс суы әкетіп бара жатқан жерінен құтқарып алып қалған болатын. Еш ойланбастан, полицей суға бата жаздаған қыздарға қарай малтып, олардың жағаға шығуына көмектескен.
Бағалы сыйлық – қол сағатпен Аққулы ауданы ПБ кезекші бөлімінің аға инспекторы полиция аға лейтенанты Ғалымбек Жұмабаев марапатталды.
Суға кете жаздаған қыздар 1996, 1999 және 2002 жылы туған Аққулы ауылының тұрғындары. Қыздардың ата-анасы полицейге өз алғыстарын білдірді. Департамент бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Жасқайрат Қайыров батылдық әрекеті үшін полицейге өз алғысын білдіріп, қызметтік міндеттерін әрі қарай абыроймен атқаруға шақырды.