31 шілдедн Алматы-Хоргос тас жолында жантүршігерлік жол апаты боп, көлік жүргізушісі мен жолаушы қаза тапты деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға тас жолдан 72 шақырым қашықтықта болған. Audi жүргізушісі бұрылыста көлік рөліне ие бола алмай, жолдағы қоршауды 20 метрге дейін бұзып кеткен. Қоршаудың темірі көлік салонының ішіне кіріп кеткен.
Көлік жүргізушісі мен жолаушы сол жерде тіл тартпай кетті. Тағы бір жолаушы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Оны аман алып қалу үшін аяғын кесуге тура келген.