$ 494.87  520.65  4.91

«Балама тиіскен, дене мүшелерін ұстаған, төменгі жағын»: Ақтөбедегі лагер тәрбиешісі ұсталды

«Восток» лагеріндегі ата-аналардың арыздары бойынша Ақтөбе қаласы Алматы ауданының ішкі істер бөлімімен Қылмыстық кодекстің 124-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Фото: informburo.kz
Фото: informburo.kz

Ақтөбелік ата-аналар лагер тәрбиешісінің әрекетін көріп шошынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Балаларын демалысқа жіберіп, алаңсыз жүрген ақтөбелік ата-аналардың тыныштығын түнгі телефон қоңырауы бұзған. Балаларынан лагер мұғаліміне қатысты ақпаратты естіген олар перзенттері үшін уайымдап түннің жарымында жолға шыққан. 

«Ұлым жылап хабарласып тұр, мені алып кет деп. «Не болып қалды» деп едім, «Алып кет мені, болды, мен қалмаймын бұл лагерде» деді. Арғы жағында тағы бір бала жылап тұрды. «Бізді қамап қойды, көтенімізден ұстайды деп айтты. Шошып кеттім», - дейді Гүлжан Далақова.

10-12 жасар ер балалар тәрбиешілерінің азғындық жасайтынын айтып жұртты шошытқан. Әбден шошыған ата-аналар балаларын үйіне алып кетіп, тәрбиешінің үстіне шағым түсірген. Лагердің мұғалімі түнде өзіне ұнайтын балаларды тұрғызып қойып білгенін жасаған көрінеді.

«Менің баламды қылқындырған. Қолынан қысқан, басынан ұрған. Балаларды түнде жатқызбаған. Кешкі 9-да жатып қалуы керек емес па? Түнгі 10-ға дейін тұрғызып қоятын болған бәрін. 7 отрядтың. Он бірге дейін тұрғызып қойған, балам айтып отыр. Жаңағы вожатый 7-отрядқа кіріп алып, білгенін істейтін болған. 5-отрядқа да барған. Өзіне ұнайтын кішкентай балаларға тиісетін болған. Қасымдағы ата-аналар айтып тұр, менің балама тиіскен, жаңағы дене мүшелерін ұстаған, төменгі жағын. Енді балаларымыз звондап үлгеріп, құтылып кетіп тұр, звондай алмай, жүре берсе, әрі қарай қинай беретін түрі бар екен ол вожатыйдың», - дейді Мейрамгүл Жұмабекова.

Небәрі 22 жастағы жас жігіттің ісі қазір қатаң бақылауға алынған. Тәрбиешінің үстінен  «Жас балаларды азғындық жолға түсіру" бабы бойынша  іс қозғалып, қазір азамат үй қамақта жатқан көрінеді.

«Восток» лагеріндегі ата-аналардың арыздары бойынша Ақтөбе қаласы Алматы ауданының ішкі істер бөлімімен Қылмыстық кодекстің 124-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу барысы прокуратураның бақылауына алынды», - дейді Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары