$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда баланы ұрлап кетпек болған тәрбиешіге қатысты тағы да жанжал шықты

Хабарламаны жолдаған көрерменнің айтуынша, балаларды қыстыгүні тәрбиеші далаға ылғал киіммен шығарған.
Фото: almaty.tv
Фото: almaty.tv

Білім басқармасы басы дауға қалған балабақшаға қатысты қалалық пікірін білдірді. 16 шілде күні баланы ұрлап кетпек болған тәрбиешіден бөлек, №96 мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеде қызметкерлер қыста да өз жұмысын дұрыс атқармаған болып шыққан. Хабарламаны жолдаған көрерменнің айтуынша, балаларды қыстыгүні тәрбиеші далаға ылғал киіммен шығарған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Бұл – ағымдағы жылдың қаңтар айында өткен оқиға еді. Сол уақытта балабақша әкімшілігі осы факттерді зерделеу барысында балабақшадағы істейтін тәрбиешіні жұмысынан заң бойынша шығарып, ұжыммен жеке жиналыс өткізген»,  – деді Алматы қаласы білім басқармасы мектепке дейінгі білім беру бөлімінің бас маманы Гүлжан СЕМБАЕВА.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда балабақшадан бала ұрламақ болған әйел ұсталғанын жазған болатынбыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары