$ 495.2  522.34  4.94

Тоқаев жас кәсіпкерден аяқ киім сатып алды

Компанияны 2016 жылы қазақстандық екі жігіт ашқан. Олар Қазақстанда жаңа аяқ киім брендін құруды армандаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-парақшасында қазақстандық кәсіпкердің еңбегін бағалап, өзіне аяқ киім сатып алғанын жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпараттық порталы.

«Айқын» қарапайым еңбек адамдарын үнемі насихаттайды. Жақында етік тігетін жас кәсіпкер туралы жақсы сұхбат жарияланды. Отандық өнімді қолдау мақсатында мен де бір аяқ киімін сатып алдым. Адал еңбек етіп, нақты кәсіппен айналысуға деген көзқарас орнығуы тиіс», - деп жазды Тоқаев. 

«Айқын» газетінің мәліметінше, Президентке аяқ киім сатқан кәсіпкердің есімі - Дәурен Рахманқұл. Компанияны 2016 жылы қазақстандық екі жігіт ашқан. Олар Қазақстанда жаңа аяқ киім брендін құруды армандаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары