Жаңалықтар 01.08.2019 сағат 15:31

«Кастетпен маңдай тұсынан ұрған»: Алматыда белгілі психологты екі адам сабап тастады

«4 сағат бойы екі ота жасалды. Бір де бір хирург ота жасауға бел шешіп кірісе қоймады. Анама ота жасауға 1 млн теңгедей жұмсалды», - деді жәбірленушінің қызы Анастасия Букина.
«Кастетпен маңдай тұсынан ұрған»: Алматыда белгілі психологты екі адам сабап тастады
Фото: Zakon.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматыда белгілі психолог Светлана Донченко бұзақылардың қолынан өліп қала жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Белгісіз біреулер оны кастетпен ұрып кеткен. Бұл туралы психологтың қызы Анастасия Букина айтып берді. 

Оның айтуынша, оқиға 20 шілдеде болған. Кешкісін екі адам келіп, Светлана Донченкодан жөн сұрамақ болған. 

«Сол сәтте ер адам келіп, кастетпен маңдай тұсынан ұрған. Бұрынғы түрінен ештеңе қалмады. Жақ сүйегі сынған. Мұрын сүйегі сынған. Гаймор қуысы қалпына келмейді. Миы шайқалған. Бет-аузы ісіп кеткен. Қанталап тұр. Мұрын сүйектері шашылып кеткен. Көз жүйкесі қысылып қалған. Сынған сүйектердің орнына титан қойылды. 4 сағат бойы екі ота жасалды. Бір де бір хирург ота жасауға бел шешіп кірісе қоймады. Анама ота жасауға 1 млн теңгедей жұмсалды», - деді жәбірленушінің қызы Анастасия Букина. 

Оның айтуынша, бұл қылмыс тапсырыспен жасалуы мүмкін. Светлананың шырқыраған даусын естіген көршісі оны арашалап қалды. 

Жапа шеккен әйелдің құрбысы полицияның әрекетсіздігіне налып отыр. 

«Рафик (күдікті) қазір бостандықта жүр. Оған қарақшылық деген айып тағылған жоқ. Оған тек бұзақылық жасады деген айып тағылды», - деді құрбысы Ирина Кальницкая.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар