$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаевтың туфлиі қанша тұрады?

Президент аппаратында төрт жұп аяқ киімге тапсырыс берген: бір жұбы Қасым-Жомарт Тоқаевқа, екіншісін Берік Уәлиге және тағы екеуін екі қызметкерге.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстандық кәсіпкер Мемлекет басшысы сатып алған аяқ киім алғаны туралы айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.  

Компания құрылтайшыларының бірі әрі басқарушы директоры Дәурен Рахманқұл фабриканың Алматы қаласында орналасқанын айтты. Кәсіпкер үшін Президенттің өз тауарын сатып алу күтпеген жағдай болған.  

«Айқын» газетінде біздің аяқ киім туралы мақала шықты. Президен баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы мақаланы оқып, жас кәсіпкерлердің осындай ауыр өндіріспен айналысқанына қуанып, аяқ киім сатып алғысы келетінін айтты. Оған газеттегі сурет ұнаған», - дейді Дәурен Рахманқұл. 

Кейінірек WhatsApp мессенджерімен баспасөз қызметінің жетекшісіне аяқ киімдердің модельдерін жібердік. Президент қоңыр түсін таңдады.  

«Туфлиді Қазпоштамен жібердік және ол төлеп алды. Бағасы 21 мың теңге, ал аяқ киім өлшемі - 43. Ол қоңыр түсті лофер алды. Біздің аяқ киімдер таза былғарыдан», - деді Дәурен Рахманқұл.  

Президент аппаратында төрт жұп аяқ киімге тапсырыс берген: бір жұбы Қасым-Жомарт Тоқаевқа, екіншісін Берік Уәлиге және тағы екеуін екі қызметкерге. Сонымен қатар, Әкімшілікте істейтін әйелдер аяқ киімдерге қызығып, өздеріне тапсырыс бермекші болған, алайда фабрика әйелдер аяқ киімін тікпейді екен. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандық кәсіпкерден аяқ киім сатып алғанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары