$ 494.87  520.65  4.91

Қауіпсіздік сертификаты құқыққа қайшы контенттерден қорғайды - ҚР Бас прокуратурасы

Бұдан басқа, сертификаттың электронды құрылғыларды «бұзудан», кибершабуылдар мен вирустардан қорғайды.
Фото: ruscur.ru
Фото: ruscur.ru

Соңғы уақытта дербес құрылғыларда қауіпсіздік сертификатын пайдалану тәртібі туралы ақпарат белсенді тарап жатыр. Цифрлық даму, сондай-ақ, ақпарат және қоғамдық даму министрліктері аталған сертификаттың мақсатын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпараттық агенттігі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оның ең алдымен құқыққа қайшы контенттен (терроризмге, экстремизмге, суицидке шақыру, зорлық-зомбылықты, қатыгездікті, порнографияны насихаттау және басқа) қорғау екеніне назар аударылды. 

Бұдан басқа, сертификаттың электронды құрылғыларды «бұзудан», кибершабуылдар мен вирустардан қорғайды. Сонымен қатар, қоғамда оны орнату қажеттілігі, жүргізілуі мүмкін «аңдулар» және басқа туралы пікірталастар тыйылмай отыр. 

Бас прокуратура жеке өмірге қолсұғылмаушылыққа, жеке басы мен отбасы құпиясына, хат алмасуға, телефон арқылы сөйлесуге, хабарларға конституциялық құқықтардың сақталатынына мемлекет кепілдік беретініне назар аударады. Оларды бұзу қылмыстық жауапкершілікке дейінгі жауаптылыққа алып келеді. 

Атап айтқанда, электронды ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйеге заңсыз кіру немесе телекоммуникациялар желісі бойынша берілетін ақпаратты заңсыз ұстап қалу үшін қылмыстық жауаптылық болады және бес жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген (Қылмыстық кодекстің 147-бабының 3-бөлігі). 

ҚК 148-бабында хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарлары немесе өзге де хабарлар құпиясын заңсыз бұзғаны үшін жауаптылық белгіленген. Прокуратура органдары қадағалау қызметі шеңберінде басқа мемлекеттік органдармен бірге мұндай құқық бұзушылықтардың жолын кесіп, кінәлілерге тиісті шаралар қабылдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары