$ 442.05  474.14  4.74

«Түбіртек беріп отырған»: 25 жастағы жігіт «жоқ» пәтерді жалға бергені үшін қамауға алынды

Ұсталған азамат ақшаны алған соң, sim-karta-ны жойып отырған.
Фото: Тут Бай
Фото: Тут Бай

Алматыда «жоқ» пәтерді жалға беріп келген ер адам ұсталды деп хабарлайды Алматы қалалық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ұсталған азамат 25 жаста.

Полицияның ақпаратынша, ер адам ресейлік сайттардан элиталы үйлердің суреттерін тауып, оны отандық сайттарға жалға берілетін үй ретінде орналастырған.

Полиция суреттер мен арзан бағаға алданған адамдардың саны 80-ге жетуі мүмкін дейді. Алаяқ алдымен Саяхат ауданында жұмыс жасаған, кейінірек Әуезов ауданына ауысқан.

Ер адам клиенттермен тікелей байланысқа түспеген, олардан ұялы телефонынының балансын толтыруды өтінген.

Ақшаны алғанын растау үшін жалға алушыларға түбіртек жіберіп отырған.

Ұсталған азамат ақшаны алған соң, sim-karta-ны жойып отырған.

«Осы сияқты қылмыстың құрбаны болғандардан Алматы қаласы Полиция департаментіне немесе Әуезов аудандық полиция бөлімшесіне келуін өтінеміз», - деді полиция қызметкері.

Қазір ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторында отыр. Оған «Ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен алаяқтық жасау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары