Полицейлер жергілікті «Ордабасы» командасы мен чехиялық «Млада Болеслав» клубы арасындағы футбол матчының көрерменін ұстады, деп жазады sputniknews.kz.
Шымкентте өткен матчта жігіт алаңға жүгіріп шықты. Оның соңынан бірнеше тәртіп сақшысы қуды. Олар фанатты ұстаған кезде, басқа көрермендер полицейлерге су құйылған бөтелке лақтыра бастады.
«Матч кезінде жанкүйерлердің бірі алаңға жүгіріп шықты, оны тәртіп сақшылары дер кезінде ұстады», - деп хабарлады қала полициясының баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары тым әсершіл жанкүйермен профилактикалық әңгіме өткізгені айтылды.
Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы қазақстандық және чехиялық клубтың кездесуі 2:3 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.