$ 443.44  480.51  4.88

Алматыда 3 жасар бала төртінші қабаттан құлап қаза тапты

Қайғылы оқиға бүгін Қонаев көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған.

Алматыда 3 жасар бала төртінші қабаттан құлап қаза тапты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қайғылы оқиға бүгін Қонаев көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. 

Болжам бойынша, кішкентай бала төменге қарай байқаусызда ырғып кеткен. Биіктіктен құлап басынан ауыр соққы алған бүлдіршін жедел жәрдем жеткенше тілге келместен көз жұмды. 

Көпқабатты үйде тұратын көршілерінің айтуынша, 3 жасар бала жерге құлаған соң анасы далаға қарай жүгірген. Ол ұлының терезе жақтауына мінгенін байқамаған көрінеді. Бала құлаған жерде терезенің торы да жатыр. Қазір жедел тергеу тобы оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қонаев