$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай облысында ер адам екі бірдей адамды пышақтап тастады

Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Қостанай облысының Сарыкөл ауданында күдікті екі адамға пышақ салды. Бірі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Қазақпарат. 

Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. 61 жастағы Сарыкөл ауданының тұрғыны 49 жастағы танысына пышақ салған. 

«Ауыр дене жарақатынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. Бұдан соң күдікті 1950 жылы туған тағы бір ер адамды пышақпен ұрған. Салдарынан ол аудандық ауруханаға түсті»,- деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь. 

Полицейлер осы дерек бойынша тергеу шараларын бастады. Күдікті қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы