$ 498.34  519.72  4.85

Тоқаев Арыста ауыр жарақат алып, қайтыс болған баланың жақындарына көңіл айтты

«Ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтамын. Иманды болсын!», - деді Мемлекет басшысы.
Фото: tazael.kz
Фото: tazael.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елорда ауруханасында көз жұмған арыстық баланың ата-анасы мен туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

«Өкінішке қарай, автокөлік қағып, ауыр жарақат алған арыстық бала елорда ауруханасында қайтыс болды. Ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтамын. Иманды болсын!»,-деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-парақшасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Арыстағы жарылыс уақытында көлік қағып кеткен Аян Шәріпбектің қайтыс болғанын жазған болатынбыз. Ол Нұр-Сұлтан қаласының №2 балалар ауруханасында жан сақтау бөлімінде жатқан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары