ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елорда ауруханасында көз жұмған арыстық баланың ата-анасы мен туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Өкінішке қарай, автокөлік қағып, ауыр жарақат алған арыстық бала елорда ауруханасында қайтыс болды. Ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтамын. Иманды болсын!»,-деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-парақшасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Арыстағы жарылыс уақытында көлік қағып кеткен Аян Шәріпбектің қайтыс болғанын жазған болатынбыз. Ол Нұр-Сұлтан қаласының №2 балалар ауруханасында жан сақтау бөлімінде жатқан.