Ақтауда ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz.-ке сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай 3 тамыз күні халық арасында «Шора» аталып кеткен су арнасында болды.
Қайғылы оқиға туралы ақпарат сағат 17:30-да келіп түсті.
«Екі адам суға батып кете жаздап, олардың біреуін демалушылар құтқарып алған. Суға кеткен адамды іздестіру жұмыстары жағасуда»,-деді жедел-құтқару отрядының өкілдері.
Кешірек ер адамның денесі демалыс базаларының бірінде табылғандығы хабарланды.