Республикалық жастар экспедициясы жастардың партиоттық сезімдерін арттыру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының киелі жерлері бойынша өтті. Екі күндік турда олар өз елін сүю, құрметтеу сезімдерінің одан әрі жетіле түскенін аңғарды.
Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, шараға еліміздің он өңірі мен Елордамыз Нұр-Сұлтан келген «Жаңғыру жолы» ҚХА қозғалысының жастар өкілдері қатысты. Мәдени мұраның бірегей ескерткіштерін тамашалайға келген саяхатшылардың қатарында қарағандылықтар да болды.
Экспедиция Айыртау ауданында бастау алды. Бірінші кезекте қатысушылар қажылық мекен - Қарасай және Ағынтай батырлардың мемориалдық кешеніне ат басын тіреді. Келесі бағыт Ботай қонысы – ежелгі өркениеттің бесігі және жылқы шаруашылығы болды. Одан кейін этномәдени бірлестіктердің жас белсенділері XIX ғасырдың ағаш сәулет ескерткіші болып табылатын Сырымбеттің үйіне, Уәлихановтар әулетінің үй-жайына барды.
Тайынша ауданының Озерное ауылында экспедиция мүшелері католик шіркеуі – Бейбітшілік Патшайымының махалласына барды. Оның жәдігерлерінің бірі – «Қазақстан жұлдызы» мехрабі, нысанды поляк шебері Мариуш Драпиковский алтын мен титанды пайдалана отырып, түпнұсқа техникада орындаған.
Әрбір киелі орында «Жаңғыру жолы» мүшелері мәдени мұраны сақтауға тілек білдіріп, нұсқаулар эазылған капсулдарды салып отырды.