05.08.2019, 02:16

Атырауда 45 жастағы көпбалалы ана алаяқ болып шықты

Алаяқ әйел бұрын осыған ұқсас қылмыс үшін сотталған және екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасын алған.

Атыраудағы Махамбет ауданы Алға ауылында тұратын 45 жастағы көпбалалы ана алаяқ болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тергеу барысында анықталғандай, әйел Атыраудың 13 тұрғынын алдап, 50 мың теңгеге оларды «ҚазМұнайГаз» АҚ-на жұмысқа кіргізуге уәде берген. 

Алаяқ әйел әр жәбірленушіден алдын ала 30 мың теңге алған, ал қалған 20 мыңын олар қайтып келген соң төлеуге ұсынған. Алаяқ әйел ақшаны алғаннан кейін уәдесін орындамайды. Алаяқ әйел бұрын осыған ұқсас қылмыс үшін сотталған және екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасын алған. 

№2 Атырау қалалық соты әйелді ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабында (Алаяқтық) қарастырылған қылмысты жасауда кінәлі деп танып, оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған. 

«Сот үкімін шығарған кезде сот айыпталушының өкінгенін және оның кәмелетке толмаған 6 баласы бар екенін ескерді. Ол сонымен бірге алаяқтық жолмен алған ақшаны жәбірленушілерге қайтаруы керек», деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Тегтер: Атырау