05.08.2019, 05:25

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа сапасы жақсы болады

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Дүйсенбі, 5 тамыз күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа сапасы жақсы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, Атырау қаласында ғана қолайсыз метеорологиялық жағдайлар ауаның ластануына ықпал етеді. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.