05.08.2019, 08:20

Алматыда өткен триатлон кубогы жеңімпаздары кімдер?

Жарысқа Қазақстан, Грузия, Қырғызстан, Ресей, Украина, Өзбекстан, Оңтүстік Кореядан 182 жеке спортшы және 10 команда (әрқайсысы үш адамнан) қатысты.

Алматыдағы Сайран көлінде әуесқойлар арасында триатлоннан «TEMIRADAM» кубогының VIII кезеңі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарысқа Қазақстан, Грузия, Қырғызстан, Ресей, Украина, Өзбекстан, Оңтүстік Кореядан 182 жеке спортшы және 10 команда (әрқайсысы үш адамнан) қатысты. 

Спортшылар «Олимпиадалық қашықтықта» (1500 м жүзу + 40 км жүгіру + 10 км жүгіру) жарысты. 

Жарыс барысында ерлер арасындағы алмастырылмайтын көшбасшы ретінде тәжірибелі триатлет және жаттықтырушы Павел Артюшенко сайланып, 2 сағат 09 минут 55 секунд нәтижемен жеңіске жетті. 

Өз жас санатындағы жеңістен басқа, Павел Артюшенко абсолютті чемпион атанды. Сондай-ақ, белгілі Максим Мазур, Максим Мжельский және ресейлік Арсений Елисеев сияқты спортшылар да сәтті өнер көрсетті. Ал, әйелдер арасында 2004 жылғы 

Олимпиада ойындарының қатысушысы, алматылық триатлет Екатерина Шатная жеңімпаз атанды. 

Басқа жас санаттары бойынша жеңімпаздар: 

Ерлер: Диаз Күнтуаров (Нұр-Сұлтан) - 02:34:35 Максим Мжельский (Алматы) - 02:17:45 Арсений Елисеев (Мәскеу, Ресей) - 02:09:55 Михаил Кувшинников (Алматы) - 02:15:50 Владислав Көпбосынов (Алматы) - 02:31:45; Талғат Жұмағалиев (Алматы) - 02:38:41 Дәндібай Әлімбаев (Шымкент) - 02:57:51. 

Әйелдер: Алена Уварова (Коркино, Ресей) - 02:47:05 Анастасия Черная (Запорожье, Украина) - 02:40:12 Дина Шаймерденова (Алматы) - 02:37:43 Ким Кёнсук (Оңтүстік Корея) - 03:01:58 Әлия Айтқазина (Алматы) - 03:36:20. Сайыстың барлық нәтижелерін www.triathlon.org.kz сайтынан көруге болады. 

Еске сала кетейік, Қазақстандық триатлон федерациясы ұйымдастырған халықаралық жарыс өз кезегінде Қазақстанның барлық аймақтарында өткізілмек, қорытынды сайыс күзде Ақтауда Каспий жағалауында ұйымдастырылады.

Тегтер: Арыс