$ 443.85  474.3  4.8

Нұр-Сұлтанда 20-қабаттан құлаған ер адам қайтыс болды

Оқиға орнында тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Нұр-Сұлтанда Хайвилл көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлаған ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Toppress.kz.

Қайғылы оқиға елордадағы Қошқарбаев көшесінде орналасқан Хайвиллдің (G блок) ауласында болған.

«Досыммен аулада қыдырып жүргенбіз. Тәртіп сақшыларының көлігін аңғардым. Қарасам, адам өліп жатыр. Дәл қазір жаман жағдайда тұрмын. Сұмдық... Ер адам 20-21 қабаттан құлағанға ұқсайды», - деді куәгер.

Оқиға орнында тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. 

«Қазір оқиға болған жерде тексеріс жүріп жатыр. Не үшін терезеден секіргені анықталып жатыр», - деді ПД-нің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары