Египеттің астанасы Каирда үш көлікке соғылған автокөлік жарылды. Соның салдарынан 17 адам қаза болып, 32 адам жарқаттанған. Бұл туралы El Arabiya-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Жарылыс бесінші тамыз күні Ұллтық онкологиялық институт маңында болған. Египеттің Ішкі істер министрлігі хабарлағандай, жарылыс автокөліктің өзге үш бірдей көлікпен соқтығысуы салдарынан болған. Египет прокуратурасы оқиғаның себебін анықтап жатыр.
Ұлттық онкология институты Ніл өзеніне тікелей шығатын, көлік қозғалысы тығыз Эль-Маниал ауданында орналасқан.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жарылыс институттың ішкі бөлігіне де айтарлықтай залал келтірген. Науқастар Аль-Мунира ауруханасына ауыстырылып, институт эвакуацияланған.