Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі Instagram желісінде оның жағада жүгіріп жүрген видеосын жариялады. Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде тұңғыш президенттің неліктен жейде киіп жүгіріп жүргенін түсінбей аң-таң, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде Елбасының спортпен шұғылданып жүрген сәтте түсірілген видеосы тарады.
«Елбасының дайындығына 1-ден 10-ға дейін баға беріңіздер» деп жазылған оның тұсында.
«Неге екені белгісіз, 5-6-7-сынып оқып жүрген кезімізде Шамалғандағы сыныптастар бәріміз теңізші болғымыз келді. Бәріміз теңізші болуды қаладық. Теңіз туралы әндер айтып жүрдік», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.
Желі қолданушылары өз кезегінде оған жарыса денсаулық тілеп жатты. Көпшілік оның неліктен жейдемен жүргенін түсінбейтінін айтты.