$ 446.49  475.38  4.79

Ит айтқанды бұлжытпай орындайды: инженерлер жаңа құрылғы ойлап тапты (ВИДЕО)

Жаңа туындыны сынақтан өткізу үшін Израиль инженерлері қолға үйретуге икемді итті таңдап алыпты.

Итке арнайы жилет кигізеді. Бұл жилетке жұмсақ қадауыштары бар мотор орнатылған. Ал адам пульттің көмегімен сигналдар жіберіп отырады, деп жазады Sputniknews.kz ақпараттық порталы.

Жаңа туындыны сынақтан өткізу үшін Израиль инженерлері қолға үйретуге икемді итті таңдап алыпты.

Пультпен басқару былайша жүзеге асады: сигнал пульт арқылы беріледі, әр әмірдің өзіндік вибрация тізбегі бар. Ит осы комбинацияны жадында сақтап, орындап отырады.

Жаңа құрылғының арқасында ит айтқанды бұлжытпай орындайтын болады, деп сендірді өнертапқыштар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ит #күшік