07.12.2015, 04:56

Алматы облысында жол апатынан он адам көз жұмды

Алматы облысында ЖКО-да он адам қаза болды, полиция сотқа дейінгі тергеу бастады. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Қазақстан Жаңалықтары» АА хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, ЖКО 6 желтоқсанда "Мерседес Бенц" және "Тойота Винд" көліктері соқтығысқан "Алматы-Ақтерек-Алға" жолынан 138 шақырымда Жамбыл ауданында тіркелді. Апат салдарынан ЖКО қатысушыларының барлығы көз жұмды. «Қажетті сараптамалар тағайындалып, Алматы облысы ІІД облыстық тергеу басқармасы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады», — делінген хабарламада.