$ 448.15  483.46  4.86

Қарағандыда цифрлық индустрияға қажетті мамандар әзірленді

Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, тағы бір әлеуетті бағыт – жерүсті сканерлеу және георадарлық жабдықты пайдалана отырып, ғарыштық және серіктік технологиялар.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті жұмыс берушілермен бірге жаңа білім беру бағдарламаларын әзірледі.

ЖОО цифрландыру дәуірінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлайды. 

«Индустрия 4.0» жолында білікті кадрлардың жетіспеушілігі айтарлықтай кедергі болып отыр. Бұл мәселені өндірісті жаңғыртқан өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары көтерді. Аталмыш сұрақ ғылым, инновация және жаңа технологиялар бойынша аймақтық кеңесте де талқыланды. Нәтижесінде бірлескен шешім қабылданды. 

ҚарМТУ «Индустрия 4.0» шеңберінде кірістірілетін цифрлық басқару жүйесін дамудың ең әлеуетті бағыттарының бірі деп белгіледі. Кеніштерде, фабрикаларда және басқа да кәсіпорындарда ол сандық өндірістің маңызды бөлігі болып табылады. Бұл жүйелерді әлемдік өндірушілер кеңінен қолданады және ол Қазақстанның өнеркәсібі мен энергетикасына белсенді түрде енгізілуде. 

Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, тағы бір әлеуетті бағыт – жерүсті сканерлеу және георадарлық жабдықты пайдалана отырып, ғарыштық және серіктік технологиялар. Бүгінде оларды құрылыс компаниялары, тау-кен металлургия кешені, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары және т. б. пайдаланады.

IT саласындағы, денсаулық сақтау және биоиндустрия салаларындағы құзыреттерді біріктіретін жаңа бағыт та басымдыққа ие болып отыр. Цифрлық технологиялармен жұмыс істеуге қабілетті, сұранысқа ие мамандарды дайындау үшін университетте бакалавриаттың 6 инновациялық білім беру бағдарламасы және бір магистратура әзірленді. Олардың барлығы жұмыс берушілермен келісілген.

Осы бағыт бойынша ЖОО машина жасау, денсаулық сақтау, сүт өнеркәсібі, тау-кен металлургия кешені және т.б. кәсіпорындары үшін кадрлар дайындайды. Сонымен қатар тәжірибеге де баса назар аударылады. Студенттер кәсіпорындарға барып заманауи жабдықтарды игеріп, үздік мамандардан сабақ ала алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары