Жалаңаштанған ару анасының немере сұрап, қыдыруға өтініш жасағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Пендеміз ғой» бағдарламасына сілтеме жасап.
Желіде жалаңаштанған қазақтың қыздарының саны күннен-күнге артып барады. Солардың бірі - Айнұр Мұқатаева. Әлеуметтік желінің жұлдызына айналып үлгерген ару төсін жалаңаштап, тоңқайып билеуден қысылмайды. Айнұрға үлкен, жас адам болсын айырмашылығы жоқ. Ең бастысы өзінің қажеттіліктерін қанағаттандырып, бар дене бітімін жұртқа көрсеткеніне дән риза.
«Мен ұзақ уақыт мемлекеттік қызметте жұмыс жасадым. Өмір зулап бара жатыр. Тек жұмыс істеген адам көп ақша таба алмайды. Оған қоса, өзіне уақыт бөлмейді. Мен ешқашан тұйық болмағанмын. Бұлай жүрген жоқпын. Жұмыстан кейін үйге келіп, боянып, сыланып, киім ауыстырып шығатын едім», - дейді Айнұр Мұқатаева.
Айнұр Мұқатаева бұл әрекетіне отбасының да қолдау танытатынын жеткізді. Оның анасы қызынан қыдырып келші деп өтінетін көрінеді. Пластикалық ота жасатып, төсі мен ернін үлкейткен ару қылығына қысылмайтынын жеткізді.
«Пластикаға жүгінгенім рас. Бір жарым жыл бұрын 3 мың доллар жұмсадым. Анам "Қызым өтінемін, қыдырып келші, маған немере керек" деп айтады. Біздің отбасымыз осындай заманауи», - дейді Айнұр Мұқатаева.
Бұл әрекетті психологтар өзінше түсіндіреді. Олар қыз балаға үш жасқа дейін тәрбие дұрыс берілмегендіктен осындай әрекетке баратынын жеткізді. Ешкім көңіл бөлмегендіктен оларға назар жетіспейді дейді психолог Жаңагүл Қайырова.
«Шындығында мәселе үш жасқа дейінгі тәрбиеге келіп тіреледі. Өйткені биологиялық жастары есейгенімен, мұндай адамдар психологиялық тұрғыдан есеймеген. Кішкентай қыздарға көйлек кигізіп қойып, әдемісің десе соған риза болады ғой, бұл да тура сол сияқты. Алайда бізде кінәлаудан гөрі, түсіну басым болу керек. Қыздардың жалаңаш денелерін көрсетуінің астарында мен бармын, мені көріңдер деген түсінік жатуы мүмкін», - дейді психолог Жаңагүл Қайырова.