$ 444.32  473.33  4.76

Лионель Месси оң жақ аяғын жарақаттап алды

32 жастағы Месси дүйсенбі күнгі жаттығу кезінде аяғының ауырғанын сезген.

«Барселона» футбол клубының ойыншысы Лионель Месси оң жақ аяғын жарақаттап алды. Салдарынан футболшы команданың АҚШ бойынша маусымалды турына қатыса алмайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

32 жастағы Месси дүйсенбі күнгі жаттығу кезінде аяғының ауырғанын сезген. Тексерістен өткеннен кейін оны АҚШ-та өтетін турдың құрамына қоспау туралы шешім қабылданды. Тур барысында «Барселона» италиялық «Наполи» командасына қарсы екі матч өткізеді деп жоспарланған. 

Месси «Барселона» құрамында жүріп, Испанияның он мәрте чемпионы, Испания Суперкубогының сегіз мәрте иегері, Испания Кубогының алты мәрте иегері, Чемпиондар лигасының төрт мәрте жеңімпазы, УЕФА Суперкубогының үш мәрте иегері және клубтық әлем чемпионатының үш мәрте жеңімпазы атанған еді. Аргентиналық футболшы бес рет әлемнің үздік ойыншысы атағына ие болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Месси