$ 443.37  474.49  4.83

Ресейде жарылыс: қоймада 200 мың оқ-дәрі сақталған

Дәл қазір, 40 мың артиллериялық снаряд сақталған екі алаңда жарылыс болып жатыр.

Қазіргі уақытта снарядтар жарылып жатқан Ресейдің Красноярск аймағындағы әскери бөлім қоймасында оқ-дәрілерді қайта өңдейтін он алаң бар. Әр учаскелік-алаңда 20 мың снаряд сақталған деп жазады Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Дәл қазір, 40 мың артиллериялық снаряд сақталған екі алаңда жарылыс болып жатыр.

20 шақырым қашықтықтағы елді-мекендердің тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер туралы мәліметтер пайда болды.

Еске салсақ, мұндай төтенше жағдай Арыс қаласында да болып, нәтижесінде мыңдаған үйлер қирап, төрт адам қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ресей