$ 494.87  520.65  4.91

Дания Еспаева «Тұлпар-тальго» пойызында болған оқиғадан кейін заңға өзгеріс енгізуді сұраған

Мұндай қылмысқа қатысты сот ісінде адамгершілік қағидалары қарастырылмауы тиіс.

Мәжіліс депутаты Дания Еспаева әйел зорлағандарға кастрация жасау керек екенін айтты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Белгілі мәжілісмен Дания Еспаева "Тұлпар-тальго" пойызында болған оқиғадан кейін заңға өзгеріс енгізуді сұраған. Ашуға булыққан депутат әйел адамды зорлағандарды аз мерзімге бас бостандығынан айырғанына ызаланды. Ол зорлықшыларға қатаң жаза қолдануды сұраған. 

"Депутат және әйел ретінде заң жүзінде зорлаудың кез келген түрін ауыр қылмыстардың қатарына жатқызуды, осылайша айып мерзімін ұзартып, мерзімінен бұрын шартты босату мүмкіндігінен айыруды сұраймын. Мұндай қылмысқа қатысты сот ісінде адамгершілік қағидалары қарастырылмауы тиіс. Мен және фракция бойынша менің әріптестерім тиісті заңға осындай түзетулер дайындаймыз", - деді депутат Дания Еспаева.

Екі жолсеріктің ауыр жазадан құтылып кеткеніне наразылық танытқан депутат, бұл мәселені бей-жай қалдырмайтынын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Дания