$ 443.35  475.54  4.82

Байқоңырдан әскери спутникке тіркелген зымыран тасығыш ұшырылды

6 тамыз күні Мәскеу уақытымен 00.56-да «Протон-М» зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған.

Әскери спутник тіркелген «Протон-М» зымыран тасығышы Байқоңырдан ұшырылды, деп хабарлайды Ресейдің Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған Sputniknews.kz ақпараттық порталы.

6 тамыз күні Мәскеу уақытымен 00.56-да «Протон-М» зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған.

«Байқоңыр ғарыш айлағынан (Қазақстан Республикасы) Ресей қорғаныс министрлігінің ғарыш аппараты тіркелген «Протон-М»  зымыран тасығышы сәтті ұшырылды», - делінген министрліктің хабарламасында.

«Бриз-М» жылдамдық блогы мен спутник орнатылған зымыранның бас жағы үшінші сатыдан сәтті бөлініп шықты. Министрлік атап өткендей, жылдамдық блогы спутникті бірнеше сағатта есептік орбитаға шығарады, деп хабарлады РИА Новости.

Бұған дейін штаб басшысы, Ресейдің Әуе-ғарыштық күштері ғарыш әскерлері қолбасшысының орынбасары Игорь Морозов «Эхо Москвы» радиосының эфирінде айтқандай, Ресейдің әскери спутнигі Байқоңыр ғарыш айлағынан соңғы рет 2019 жылы ұшырылады, содан соң Ресей Қорғаныс министрлігінің барлық ғарыш аппаратын ұшыру Архангельск облысындағы Плесецк ғарыш айлағында жүзеге асырылмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Байқоңыр