$ 494.87  520.65  4.91

Жамбыл облысының тұрғыны 13 келі есірткіні Нұр-Сұлтанға таратпақ болды

Қазіргі уақытта күдікті қалалық ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Фото: Общественное мнение
Фото: Общественное мнение

Елорда тәртіп сақшылары Жамбыл облысының тұрғынын 13 келі есірткімен ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 37 жасар Жамбыл облысының тұрғынын қолға түсірді. Ол 13 келі «гашиш» есірткісін қалаға «Қарағанды-Нұр-Сұлтан» тас жолындағы бекет арқылы алып өтпек болған жерде ұсталды», делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта күдікті қалалық ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті есірткіні елорда аумағында таратпақ болған. Полиция есірткі сатушылардың қылмыстық байланысы мен сату орнын анықтау барысында әрі қарай іс-шаралар жүргізуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары