$ 494.87  520.65  4.91

2,5 миллион теңге: Өскеменде жиһаз құраушы клиенттерді алдап кеткен

Ол бұл әрекетін тапсырыс көп алып қойып, оларды үлгере алмағанымен түсіндіріп отыр.

Өскеменде жиһаз дайындаушы клиенттерді 2,5 миллион теңгеге алдап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпараттық порталы YK-news.kz-ке сілтеме жасап. 

Ол бұл әрекетін тапсырыс көп алып қойып, оларды үлгере алмағанымен түсіндіріп отыр. 

Басылымның мәліметінше, ер адам әлеуметтік желілер мен сайттарда өзінің қызметін жарнамалаған. Содан шебер бірден 16 адамнан тапсырыс алған, олардың барлығы алдын ала төлем жасаған. Бірақ кәсіпкер тапсырыстарды жасап та үлгермеген болып шықты. 

«Сот отырысы барысында ер адам кінәсін мойындамады. Айтуынша, ол жиһаз дайындаумен 2011 жылдан бері айналысып келе жатыр. Бұл жолы шамасына қарамай, тапсырысты көп алып қойған», - деп хабарлады қалалық №2 соттың баспасөз қызметіндегілер. 

Алайда сот оның бұл жауабы дәлелсіз екенін айтып, ҚР Қылмыстық кодексі 190-бабының 3-бөлігі 3-тармағы ("Алаяқтық") бойынша айыпты деп таныды. Нәтижесінде ол бес жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары