$ 444.14  477.05  4.85

Дала өртін сөндіремін деп қаза тапқан ер адамның отбасына пәтер беріледі

Алматы облысының әкімдігі төтенше жағдайды жою кезінде қаза тапқан және зардап шеккендердің отбасыларына қайғырып, көңіл айтады.
Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

Алматы облысының әкімдігі далада болған өртті сөндіремін деп зардап шеккендердің жағдайынан мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кеше Панфилов ауданының орталық ауруханасына жеті адам жеткізілді. Оның бесеуі амбулаториялық емдеуге жіберілді. Екеуі - ауруханада. Біреуі - жансақтау бөлімінде, ал екіншісі хирургиялық бөлімде жатыр. Олардың жағдайы тұрақты», - деді әкімдіктегілер.

Сондай-ақ олар қаза тапқан үш адамның отбасыларына жерлеу рәсіміне көмектесетіндерін де айтты.

«Бүгін екі адам жер қойнына тапсырылды. Үшіншісінің жаназасы ертең. Алматы облысы әкімінің тапсырмасы бойынша, марқұм азаматтардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Ерлік танытып, жан тапсырған азаматтар мемлекеттік наградаларға ұсынылатын болады. Сонымен қатар, қайтыс болған ер адамның бірінің отбасына мемлекеттік қордан пәтер бөлініп, беріледі. Өйткені марқұмның артында үйсіз-күйсіз әйелі мен бес баласы қалған. Ол көпбалалы әке болған», - деді әкімнің баспасөз қызметіндегілер.

Алматы облысының әкімдігі төтенше жағдайды жою кезінде қаза тапқан және зардап шеккендердің отбасыларына қайғырып, көңіл айтады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысының Панфилов ауданында дала өртін өшірмек болған үш адам ажал құшқанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары