17.07.2014, 05:18

Көкшетауда үш жасар қыз 5-қабаттан құлап, мерт болды

Сурет: gorod.lv

Көкшетауда үш жастағы қыз 5-қабаттан құлап, мерт болды деп хабарлайды «Қазақстан жаңалықтары».

Полицейлердің мәліметі бойынша қайғылы оқиға Көкшетау қаласының Автоқалашық шағынауданында орын алған. Юбилейный көшесінің бойындағы үйлердің бірінде үш жас шамасындағы сәби абайсызда 5-қабаттан құлап кеткен.

«Өкінішке орай, сәби сол жерде көз жұмды», делінген хабарламада.