Ойынның құмарына кіріп кеткен үндістандық әйелін достарына сатып жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл оқиға 2 тамызда Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында болған.
Ер адам үйіне досы Аруна мен туысы Аниланы жиі шақырып, олармен покер ойынын ойнайды екен. Бір күні ойынға тігетін ақшасы таусылып қалып, орнына әйелін қояды. Яғни, достарына оны зорлауға рұқсат береді.
Алайда, әйел үйінен қашып, туыстарына кетіп қалған. Артынша күйеуі әйелінің артынан келіп, өзінің қате жібергенін айтады. Кешірім сұрап, әйелінің қайта оралуын сұраған. Сөйтіп әйелін үйіне апарамын деп алдаған ол, орта жолда оны достарына зорлауға тастап кеткен.
Жәбірленуші бірден полицияға келіп арыз тастаған. Алайда, оның ісін сотқа келгенде ғана бір-ақ қараған.