07.08.2019, 08:00

Елордада журналиске кедергі келтірген ер адамның кім екені анықталды

Нұр-Сұлтан ПД түсіндіргендей, жолаушының жеке басы анықталды.

Елордалық полицейлер "Хабар 24" тілшісіне тікелей эфирде репортажын түсіруге кедергі келтірген ер адамның жеке басын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz

Айта кетейік, күні кеше танымал телеарна тілшісі астаналық "Мельница" мейрамханасында болған өрт орнынан хабар таратып тұрған кезде, тікелей эфирде белгісіз ер адам үнемі кадрға шығып, журналистің жұмыс істеуіне кедергі келтірген болатын.

Нұр-Сұлтан ПД түсіндіргендей, жолаушының жеке басы анықталды. Ол өзін көңіл көтеру орнының заңгері деп таныстырған. Онымен қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу туралы әңгіме жүргізілген.

 

Бұған дейін "Хабар 24" телеарнасы өз заңгерлерлерінің астаналық "Мельница" мейрамханасында болған өрт туралы репортажға кедергі келтірмек болған ер адамға қатысты арыз дайындап жатқанын хабарлады.

Дереккөз: NUR.KZ

Тегтер: Журналист