07.08.2019, 09:40

Ит балшық астында қалған азаматты құтқарып қалды

Өңірде нөсерлеп жауған жаңбырдың кезінде кейбір қалаларда көшкін пайда болған. Салдарынан Прадип Кумар есімді ер адам тірідей балшықтың астында көміліп қалған.

Үндістандық Джамму мен Кашмир штатында ит көшкіннен кейін жердің астында көміліп қалған ер-азаматты құтқарып қалды, деп хабарлайыды lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға 30 шілде күні болған. Өңірде нөсерлеп жауған жаңбырдың кезінде кейбір қалаларда көшкін пайда болған. Салдарынан Прадип Кумар есімді ер адам тірідей балшықтың астында көміліп қалған. 

Келесі күні оны Аякси атты итпен бірге жолды күзетіп жүрген әскери бөлімшенің сарбаздары тауып алғаны белгілі болды. Кадрда олардың бірігіп жер астында қалған ер адамды құтқарып жатқаны бейнеленген.

Кумар ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Ал үй жануарымен және онымен бірге жұп болып жұмыс істеген сарбаз көрсеткен ерлігі үшін марапатталған.