Бразилия түрмесінде бұған дейін әйел кейпінде абақтыдан қашуға тырысқан сотталушы өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РЕН ТВ-ге сілтеме жасап.
Өткен сенбіде сотталушы Клаувино да Силва өзінің 19 жастағы қызының киімімен түрмеден қашпақ болған сәтте оны күзетшілер ұстап алған болатын. Полиция қыз кейпіне енген сотталушыны «Жерисино» түрмесінен шығар кезде ұстаған.
Осы оқиғадан соң ер адам Рио-де-Жанейродағы түрмеде өлі табылды. Әкімшілік ақпараты бойынша, қылмыскер асылып өлген. Енді сотталушының өліміне қатысты тексеріс басталды.
Айта кетейік, 42 жастағы банда басшысы 73 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.