07.08.2019, 20:22

Қарағанды қаласында 29 жастағы жігіттің өлі денесі табылды

Тергеу барысында ол жәбірленушімен өзара ішімдік ішу барысында оған дене жарақаттарын салғандығын мойындаған.

Қарағанды қаласында тәртіп сақшылары 29 жастағы жігіттің өлі денесін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ағымдағы жылдың 4 тамызында Молоков көшесіндегі жер үйлердің бірінің сарайында дене жарақаты белгілері бар 29 жастағы азаматтың мәйіті табылды. 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы, 1 тармағы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Криминалдық полиция және учаскелік полиция инспекторларымен бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы бұрын сотталған азамат анықталған. 

Тергеу барысында ол жәбірленушімен өзара ішімдік ішу барысында оған дене жарақаттарын салғандығын мойындаған.

Тегтер: Қарағанды