Ақтауда 14 жастағы қызды жол талғамайтын көлік қағып кетті, деп хабарлайды tumba.kz.
«Қыз облыстық балалар ауруханасының травмотология бөліміне жеткізілді»,- деді Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Азамат Сәрсенбаев.
Оқиға 6 тамызда 14 шағынауданда болған. Дәрігерлер оның оң жамбасынан жарақат алғандығын хабарлады және гипс салды.
«Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр»,- деді Азамат Сәрсенбаев.