08.08.2019, 09:03

Танымал жаттықтырушы мінсіз мүсінге ие болудың жолдарын атады

Тамақ уақытын ешқашан өткізбеңіз.

Автралияның Мельбурн қаласынан шыққан 22 жастағы Клэр Смит жаттықтырушы әрі сәнқой болып жұмыс істейді. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мінсіз мүсінге қол жеткізудің жолдарын тізбектеп жазған, деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Стефани ұсынған мінсіз мүсінге қол жеткізудің құпияларымен таныс болыңыз:

«Біз барлығымыз әртүрліміз. Сол себепті, не істеу керек екені жазылған тізім әрқайсымызда әртүрлі. Бірақ істеуге болмайтын дүниелердің тізімі бәріне ортақ.

Тамақ уақытын ешқашан өткізбеңіз. Бізің ағзамыз энергияға мұқтаж. Сондықтан, ашығып жүріп мәселені шеше алмайсыз.

Егер сіз калориясы көп тағам қабылдасаңыз, онда жай ғана тамақтың мөлшерін азайтыңыз. Ағзаға нәруыз, жеміс, майлар мен дәнді-дақылдардың дұрыс теңгерімі қажет. Тамақтан бас тартпаңыз.

Біреуге еліктеп, дәл сол секілді болудың еш қажеті жоқ. Себебі әр адамның генетикасы әртүрлі. Бұрын-соңды мен өзімді үнемі басқалармен салыстырып жүретінмін. Ал ол маған көп қиындықтар әкелетін. Сіз өзіңізге сенімді болуыңыз керек.

Жаныңызға рахат сыйлайтын дүниелерден бас тартпаңыз. Мәселен бір жерге шығып келгіңіз келсе, не түнде бургер жегіңіз келіп қалса, өзіңізге рұқсат беріңіз.

Денеңізді жаттықтыруды ұмытпаңыз. Ең бастысы, мойымаңыз», - деп кеңес берді Стефани .