Атырауда балаға қатысты сексуалдық зорлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Оқиға Достық көшесіндегі үйлердің бірінде болды. 1975 жылы туған ер адам уақытша қамау изоляторына орналастырылған.
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Басқа ақпарат Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды», - деп хабарлады Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі.