08.08.2019, 16:00

Әйелдерге төстартқышсыз бассейнге түсуге рұқсат берілді

Бұл өз кезегінде қабылданған «киімдегі теңдік» туралы заңға қайшы келеді.

Барселонаның қалалық кеңесшілері әйелдерге бассейнге төстарқышсыз түсуге рұқсат ететіндерін мәлімдеді. Өйткені ер адамдар жоғары жағына ештеңе киместен шомылып жүреді. Сондықтан да әйел мен еркектің құқығы тең болуы керек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі El Pais сайтына сілтеме жасап.

Алайда, қалалық бассейн қызметкерлері әйелдердің төстартқышсыз суға түсуіне тыйым салды. Бұл өз кезегінде қабылданған «киімдегі теңдік» туралы заңға қайшы келеді. Ол жерде азаматтардың, атап айтқанда, әйелдердің киіміне ешқандай талап қоя алмайды. Барлық қалалық бассейндердің өз ережелері бар екені белгілі болды. Бір жерде күнге қыздырыну аймақтарында ғана төстартқышсыз суға түсуге рұқсат етілсе, келесі төбесі ашық бассейнде әйелдер төстартқышсыз жүре алады екен. Ал жабық жерде жалаңаш суға түсуге тыйым салынған.

Барселона мэрінің орынбасары Джанет Санс баспасөзге берген түсініктемеде бассейнде төстартқышсыз жүруге тыйым салынғаны туралы заңның алынып тасталғанын айтты.