$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтандық алаяқ бірнеше әйелге несие алдырған: ол Алматыда құрықталды

4 дерек бойынша күдікті ретінде ұсталған ер адам әйелдердің сеніміне кіріп, олардан қомақты ақша алып, машиналарын да иеленген.

Астаналық полицейлер әйелдерді алдап, ақшаларын иемденіп, аттарына несие рәсімдеуге көндірген алаяқты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат, Нұр-Сұлтан қалалық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

4 дерек бойынша күдікті ретінде ұсталған ер адам әйелдердің сеніміне кіріп, олардан қомақты ақша алып, машиналарын да иеленген. Сонымен қатар әйелдерді «бизнесіне» көмек сұрап, алаяқтық жолмен оларға несие алдырған. 

«Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында елордада әйелдерді алдап, бірқатар алаяқтық жасаған 34 жастағы Т. деген азаматты Алматы қаласында қолға түсірді. Ол бір жәбірленушіні алдап, 6 миллион теңгесін жымқырған. Онымен қоймай, бірнеше әйелмен көңіл жарастырып, тіпті, бірге де тұрған» делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта ер адам Алматы қаласының Тергеу изоляторына қамалды. Тергеу іс-шаралары жүргізілгеннен соң елордаға этаппен жеткізіледі. 

Сонымен қатар, күдікті былтыр автокөліктен ұрлық жасап, құны 360 мың тұратын алтын білезікті қолды қылған. 

Қазір тергеу жүргізілуде. Күдіктінің басқа да қылмысқа қатыстылығы тексерілуде. Осыған байланысты елорданың Полиция департаменті ұсталған азаматтың қылмыстық әрекетінен зардап шеккендер болса, астаналық Полиция департаментіне арыздануды немесе мына телефондарға: 8(7172)71-60-22, 71-63-29; 102 хабарласуын сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары