$ 494.87  520.65  4.91

Әскери бөлімде болған өрттен бір адам қаза тапты

Архангельск облысының губернаторы Игорь Орлов оқиға фактісін растады, өрт салдарынан зардап шеккендер бар екенін атап өтті.

Архангельск облысының Северодвинскідегі әскери бөлімінде болған өрттен бір адам қаза тауып, 10 адам жарақат алды, деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметіндегі дереккөзге сүйенген ТАСС ақпараттық агенттігі.

«Төтенше жағдай нәтижесінде бір адам қаза тапты. Оқиға кемеден басталды, өрт әлі жалғасуда», - деді ТЖҚ өкілі.

Архангельск облысының губернаторы Игорь Орлов оқиға фактісін растады, өрт салдарынан зардап шеккендер бар екенін атап өтті. 

«Зардап шеккендер бар, сол жерге жедел жәрдем жіберілді», - деді ол.

Жергілікті биліктің баспасөз қызметі зардап шеккендердің облыстық ауруханаға жеткізілгенін айтты.

«Жедел медициналық көмек қажет болған жағдайда санитария мен ауруханалар жұмылдырылады», - деді ТЖҚ өкілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары