$ 498.34  519.72  4.85

15 рет ота жасатқан: көлік апатынан терісі жанып кеткен қыз мұрнын қалыпқа келтіргісі келеді

Жол апатынан кейін есінде ештеңе қалмаған Мәдина тіпті тұрмысқа шыққанын да ұмытып қалған.

15 рет ота жасатқан қыз мұрнын қалпына келтіргісі келеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Пендеміз ғой» бағдарламасына сілтеме жасап.

Мәдина Сәду есімді 25 жастағы қыз осыдан үш жыл бұрын күйеуімен жол апатына түсіп, көлік өртенгенде денесі күйіп кеткен. Оның бетінің басым бөлігінің терісі жарамастай болып жанып кеткен. Мәдина 15 шақты ота жасатып, дәрігерлер денесінің күйік шалмаған бөлігіндегі теріні күйік шалған жаққа жабыстырған.

«2016 жылы 25 шілде күні болған екен. Жетісай қаласынан Шардара қаласына келе жатқан кезде болған. Рөлде менің күйеуім болыпты. Көлікте мен, күйеуім, апам, жеңгем мен қызым болған. Қалай болғанын білмеймін», - дейді Мәдина Сәду.

Жол апатынан кейін есінде ештеңе қалмаған Мәдина, тіпті, тұрмысқа шыққанын да ұмытып қалған. Ауыр жол апатында өртенгенін де, күйіктің жанына батқанын да білмейді. Қазір ол ата-анасын танығанына қуанышты.

«Шілдеде қатты ыстық кезде болған. Көлік аударылыпты. Басқа көлікпен соқтығыспаған. Көліктен өрт шыққан. Ішінде күйеубалам мен жеңгесі тіл тартпай кеткен. Жолда ешкім жоқ. Көлік өртенген. Қызым қатты соққыдан денесінің күйіп жатқанын сезбеген», - дейді Мәдинананың әкесі.

Мәдина жақсы жандардың қолдауының арқасында Кореяға барып, екі мәрте ота жасатып келген. Беті мен мойнына тері жабыстырып, бет пішінін әлдеқайда оңалтқан. Дегенмен оның сұлулығы қайтып оралды деп айту қиын.

«Бірінші мойныма жасады. Мойынға теріні саннан алды. Екінші рет мұрын мен беттің біреуін таңда деді. Біз бетті таңдадық. Бетіме басымның бір қабат терісін алып жабыстырды. Кореялық дәрігер тұрған кезде басың қан болады, қорқып кетпе деп түсіндірді», - дейді Мәдина Сәду.

Қазір Мәдинаның мұрнына ота жасау керек. Ол қарапайым оталардан әлдеқайда ауыр. Өйткені мұрынға шеміршек керек. Бұл туралы дәрігерлер айтып берді. 

«Кореяда ота өте жақсы жасалған. Қазір шеміршек салып, мұрныңызға ота жасау керек. Қазақстанда нақты кім жасайтынын айта алмаймын. Бірақ жасалады. Мұрынға қою үшін құлақтың бір жерін кесіп алады. Шамамен 3-4 сағатқа созылады», - дейді Аманжол Байменов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары