08.08.2019, 18:05

Қазақстанның үкімет басшысы Мамин Қырғызстанға аттанбақ

Фото: Sputniknews.kz
9 тамызда Асқар Мамин Шолпан-Ата қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады.

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Қырғызстанда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады, - деп хабарлады Tengrinews.kz, үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, ертең, 9 тамызда Асқар Мамин Шолпан-Ата қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады. 

ЕАҮК отырысының күн тәртібінде ішкі нарықтың жұмыс істеуі, өнеркәсіптік кооперация, технологиялар трансфері, ауыл шаруашылығы, кедендік әкімшілендіру, көлік және логистика, трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимыл салаларында Одақ аясындағы интеграциялық процестерді одан әрі дамыту мәселелері қаралады.  

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет үкіметтерінің басшыларын Қырғызстан Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков қабылдайды деп жоспарланып отыр.