$ 494.87  520.65  4.91

Алакөл жағалауындағы қонақ үй бассейніндегі суды көлге заңсыз ағызып жүрген

Алматы облысының экология департаменті "ALMATRADEGROUP" ЖШС-не қатысты кезектен тыс тексеріс жүргізді.

Алакөл жағалауындағы қонақ үй бассейніндегі суды көлге заңсыз ағызып жүрген. Экология министрлігінің өкілдері оқиғаға кінәлілерге әкімшілік айыппұл салынғанын мәлімдеді. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматы облысының экология департаменті "ALMATRADEGROUP" ЖШС-не қатысты кезектен тыс тексеріс жүргізді.

Куәгерлер көлге құбырдан лас судың ағып жатқанын көріп қалған. Кейіннен қонақ үйдің бассейніндегі лас суды көлге ағызып жүргені анықталды.

Ағын суларды ағызуға арналған құбырларды бөлшектеу шешімі қабылданған. Қазіргі таңда, Алакөл экологиясына келтірілген шығынның сомасы анықталып жатыр.

Бүгінде көлде мониторинг жүргізілуде. Құзырлы орган су сапасының тұрақтылығы жайлы хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алакөл