$ 447.4  477.55  4.76

БҚО: Апалы-сіңлілі қыздарды зорлаған күдікті ұсталды

Облыстық Денсалық сақтау басқармасы қыздардың медициналық көмекке жүгінбегені туралы айтты.

Полиция Батыс Қазақстан облысында зорланған апалы-сіңлілерге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабаралайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Анықталғандай, ер адам қыздарды зорламақ болған. Қазіргі кезде күдікті ұсталды.

«Теректі ауданы тұрғындарының түсірген шағымдарына сәйкес, Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Күдікті қамауға алынды», – деп мәлімдеді БҚО Полиция департаменті.

Облыстық Денсалық сақтау басқармасы қыздардың медициналық көмекке жүгінбегені туралы айтты.

Айта кетсек, БҚО-дағы Новая Жизнь ауылында 4 және 5 жасар қыздардың зорланғаны туралы хабарланған болатын. Тұрғындар педофил олардың көршісі болып шыққанын айтты. Қыздың бірі ауылға туыстарына қонақ ретінде келген екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары